**ФГДС (гастроскопия) жалпы сауықтыру жолдамасы бойынша келетін қонақтар үшін міндетті құжаттар тізіміне кірмейді. Бірақ мына жағдайларда қажет болады:
**Егер сіз асқазан-ішек жолдары (АІЖ) емдеу бағытын таңдасаңыз.
**Егер сізде асқазанның созылмалы аурулары (ойық жара (язва), гастриттің ауыр түрі) болса немесе жиі ауырса.
**Бұл не үшін қажет? ФГДС қорытындысы бойынша біздің дәрігерлер сізге минералды суларды, диетаны және балшықпен емдеу емшараларын қауіпсіз әрі тиімді тағайындай алады. Ал егер сіз жалпы демалыс немесе басқа бағыт бойынша (буындарды, жүйке жүйесін емдеу) келе жатсаңыз, ФГДС өтпесеңіз де болады.